Петропавлдық жігіт пен қыз Ақмола облысында есірткі жарнамалағаны үшін сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

 Петропавлдық қыз бен жігіт   Ақмола облысында есірткі жарнамалағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

9 желтоқсанда Ақмола облысының Ерейментау аудандық соты петропавлдық 21 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыз Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 299-1-бабы 2-бөлігі (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың аналогтарын заңсыз жарнамалау), сондай-ақ ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алу және сақтау) бойынша айыпталған қылмыстық істі қарады. Сотқа дейінгі тергеу материалдарынан биылғы жылдың сәуір айында Петропавл қаласында болған кезде есірткіге тәуелді тұлға 21 жастағы жігітке жеделхат-мессенджер арқылы Ерейментау қаласының үйлерінің қабырғаларына “B…” логинін жазғаны үшін жоғары ақы төленетін жұмыс туралы ұсыныс алғаны, әрбір жазба үшін 120 рубль уәде етілгені жөнінде ұсыныс келіп түскен. Осы жұмысқа келісіп, 50 мың теңге алдын ала төлем алғаннан кейін күдікті өзінің 18 жастағы құрбысын  еріп жүруге шақырды, қыз оған келіскен. Ақмола облысының Ерейментау қаласына келіп, ерлі-зайыптылар қонақ үйде нөмір алып, түнгі уақытта тұрғын үйлердің қасбеттеріне жарнама жасау үшін шыққан. Заңсыз әрекеттерді жүзеге асыру барысында күдіктілерді полицейлер ұстады. Барлығы 80-ге жуық жазба жазылған. Жеке тінту кезінде қыздың рюкзагында жігітке тиесілі 4,9 грамм кептірілген марихуана бар түйіншек табылды. Сот отырысы барысында жігіт есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сатып алу мен сақтаудағы кінәсін толық мойындады, ал қабырғаларға жазу бөлігінде қабырғаларды бүлдіргені үшін ішінара кінәсін мойындады, бірақ бұл жазба есірткі заттарын жарнамалайтынын білмегенін мәлімдеді. Соттан қоғамнан оқшаулануға байланысты жаза тағайындамауды сұрады. Қыз кінәсін мүлде мойындамады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz