Петропавл әкімі: жеке сектор тұрғындарын қаланы таза ұстауға шақырамын

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл әкімі тұрғындарды қаланы таза ұстауға шақырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бірнеше мәселені қарасдық. Рұқсат етілмеген орындар мен  ірі көлемді қоқыстар мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Күн сайын Ikomek-109 ахуалдық орталығына тұрғындардан шағым түседі. Жеке сектор тұрғындарын қаламызды бірге таза ұстауға шақырғым келеді. Тұрғындар қоқыс шығаратын компаниямен келісім жасасуы керек. Сол кезде кәсіпорын контейнерлерді орнатып, қоқысты мезгіл — мезгіл шығарып тұратын болады, — деп атап өтті қала басшысы.

Сондай — ақ, әкім ірі көлемді қоқысты шығару ҚТҚ тарифіне кірмейтінін атап өтті. Ол үшін қоқыс шығаратын компанияларға немесе мүлік иелері бірлестігі, пәтер иелері кооперативі мен қарапайым серіктестіктерге жүгіну керек.

— Қалалықтардан қоғамдық көлік, ескі ағаштарды кесу және Береке саябағы бойынша өтініштер келіп түсті. Бұл мәселелердің барлығы менің жеке бақылауымда болады, — деді Руслан Аңбаев.

Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz