Рим Папасы өз сөзінде Абайды мысалға келтірді

Авторы: Qyzyljar News

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Рим Папасы Франциск қазақтың ұлы ақыны Абайдың сөздерінен мысал келтіре отырып сөйледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Рим Папасы Франциск жиын барысында Абайды бейбітшілік пен татулыққа үндеген, дінге барынша құрметпен қарауға шақырған ақын деп бағалады.

-Біздің рухымыз біршама өзгеріп, өзінің абсолютті еркіндігін өзгертті. Сондықтан біз өзіміздің аға-қарындастарымызды оның атынан неге шектеу аламыз. Абайдың өзі дінді мәжбүрлей алмаймыз, басқаларды сенуге мәжбүрлей алмайтынымызды айтады. Діни бостандық дегеніміз фундаментальді және бастапқы құқық. Ол жан-жақта қабылдануы және мәдениеттердің культіне алып келуіне тиісті. Сондықтан адамдардың рухын жария түрде көрсету керек. Бұл жердегі керемет тәмсіл кешегі күнді идеологияға алып келмеу. Біз бұдан мүмкіндігінше алшақ болуға тырысуымыз керек, — деді ол.

Рим папасы айтқандай, діндегі ең басты қасиет – дене бітімімізбен ғана оны жүзеге асыру.

-Әртүрлі діннің қалыптасуына және олардың өзара өмір сүруіне алып келеді. Ол әрбір адамның мәнез-құлқына ден қоюға мүмкіндік беріп, біріктіреді. Оларды бірдей етпейді. Ең керемет қасиетін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қазақстан осы құндылықтарды сақтауға оны одан әрі ілгерілетуге бейім. 20 жыл бойы бұл съез өтіп келеді. Биылғы кездесу бізді рухани және қоғамдық дамуға әсер етеді. Пандемиядан кейінгі кезеңде діннің орны қандай екенін көрсетеді, — деді Рим папасы.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz