Қазақстан астық пен ұнды экспортқа шығарады

Авторы: Qyzyljar News

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тиісті бұйрыққа қол қойды. Енді қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шектеулер 14 қыркүйектен бастап алынды. Бұған дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған еді. Алайда, әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанғаннан кейін квоталауды алып тастау туралы шешім қабылданды.

– Бүгінгі күні республиканың барлық облысында егін жинау жүріп жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта елімізде 11,3 млн га астық жиналды — бұл жоспардың 69,8%. Гектарынан 12 центнерден өнім алынуда. Бүгінгі күнге дейін 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы бұл уақытта орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын), — делінген ведомство хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz