Жоғары оқу орнына жаңа 3D принтері жеткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті өндірістік 3D заманауи принтерін сатып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа құрылғыны жоғары оқу орнының «Көлік және машина жасау» кафедрасы пайдасына жарататын болды. «HBD 350» өнеркәсіптік 3D принтері авиация, ғарыш өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ саласы, медицина, металлургия және басқа салаларда қолданылады. Бұл қондырғы селективті лазерлік балқыту әдісімен күрделі металл бұйымдарын жасауға мүмкіндік береді.

Кафедрада жаңа құрылғыны «Top 3D Shop» компаниясы орнатты. Бір апта ішінде кәсіпорын мамандары профессорлық-оқытушылық құрамды аддитивті қондырғы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға үйретті. Нәтижесінде барлығы сертификаттаудан және емтихан тестілеуінен сәтті өтті.

Болашақ инженерлер жаңа жабдықта жұмыс істеуге үйреніп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында «HBD 350» 3D принтерін пайдалана алмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz