Қазақстанда экологиялық сот құру ұсынылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Жоғарғы соттың судьясы Бейбіт Шермұхаметов «Параграф» ақпараттық жүйесі мен Fortune partners ұйымдастырған Экологиялық форумда елімізде өз алдына бөлек экологиялық сот құруды ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шермұхаметов экологиялық дауы істерді қарауда белгілі бір проблемалар бар екенін мойындады.

— Ең алдымен судьяның жұмысында өз кемшіліктері бар, мысалы кәсіби біліктіліктің жеткіліксіздігі, дайындықтың болмауы дегендей. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін іс жүзінде Жоғарғы сот экологиялық даулар бойынша бір де бір тренинг өткізген емес. Бір де бір. Түсініп отырсыздар ма? Әділет академиясы деген бар, егер сіз 2023 жылға құрылған жоспарды қарасаңыз, ол арадан экологиялық мәселелерді таппайсыз. Бұл дегеніміз нені білдіреді? Бізде мұндай істерді дұрыстап қарайтын судья жоқ. Егер бұл тақырыпта жұмыстар жасалмаса, мұндай істерді қалай қарауға болады, бұл — біздегі өзекті мәселенің бірі, — деді ол.

Оның айтуынша, соттардың шешімдеріне қалың бұқара наразы.

Сондай-ақ Қазақстанда сот ісін жүргізудің 4 түрі барын және әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар екенін еске салды. Ал экологиямен байланысты барлық нәрсе — интеграцияланған сала.

— Бұл арада экологиялық соттарды құру туралы сөз болып отыр, бұл — соттың жеке түрі. Дүние жүзінде 80-нен астам елде осындайй сот түрі бар, бірақ бізде әлі жоқ. Жалпы, бұл ТМД елдеріне тән проблема. Балтық жағалауы, Грузия және Армения елдерінде осындай сот құру мәселе ауыр-ауық көтеріліп отырады. Ал біз қайда қарап отырмыз? Бізде Арал мәселесі, судың тартылуы, шөлейтті жерлер, жер қойнауын тонау мәселесі бұрыннан бар емес пе? — деді судья.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz