Петропавлда жылыту маусымының басталу күні кейінге шегерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу беру маусымы белгіленген күннен кешірек басталады. Оған аймақтағы жылы ауа райы себеп болып отыр.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі жылуды қосуға дайын екендерін мәлімдеді. Тек Петропавл әкімдігінің тиісті қаулысын ғана күтуде. Бұған дейін алпауыт компания Петропавл 2-ЖЭО қалпына келтіру жұмыстары жылу беру маусымының өтуіне кедергі келтірмейтінін мәлімдеген болатын. Оны 20 қыркүйекте бастау жоспарланған.
Өңірде қыркүйектің екінші жартысында ауа райы ерекше жылы болып тұр. Термометр 25-28 градусқа дейін көтерілуде. «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, ыстық күндер 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Жылыту маусымы ауа температурасы қатарынан үш күн +10 градустан аспаған кезде басталады.