Петропавл тұрғындарының қоқыс шығаратын кәсіпорындарға қарызы 28 млн. теңгеден асты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл тұрғындарының қоқыс үшін берешегі 28 млн. теңгеден асты. Тек «Береке» шағын ауданында ғана қарыз 4,5 млн. теңгеге жеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл тұрғындары қоқыс үшін ақша төлеуге асығар емес. Ал жеке сектор тұрғындары, тіпті тұрмыстық қалдық шығаратын компаниялармен келісімге де отырмайды. Салдарынан шаһар көшелерінде тау болып үйілген қоқыс орындары пайда болған.

Қазіргі уақытта Петропавлда қоқыс үшін тариф бір адамға 220-230 теңге аралығында. Белгіленбеген орынға қоқыс тастаушылармен күресу үшін оларға айыппұл да салынған. Бірақ мұның да нәтижесі шамалы.

Қазір Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 4 компания айналысады.

– Бүгінде Петропавлда қоқыс үшін тұрғындар 28 млн. теңге берешек, тек «Береке» шағын ауданы бойынша ғана 4,5 млн. теңге қарыз бар. Бұл – компаниямен келісімге отырғандардың берешегі. Ал қалғандары келісімге отырмайды, салдарынан көше бойларында осындай қоқыс үйінділері пайда болған. Петропавлда қоқыс үшін тариф 2017 жылдан бері өскен жоқ. Қазіргі уақытта жанар-жағармай да, қосалқы бөлшектер де – бәрі қымбаттап жатыр, дегенмен компаниялар өз жұмыстарын тоқтаусыз атқарып келеді, — дейді Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Фото: pexels. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz