Қыркүйек айында СҚО әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мамандары 10 компанияның бизнесін бағалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бағалауды еуропалық сапаны басқару қорының стандарттарына негізделген әдістемені пайдалана отырып, тәжірибелі сарапшы Ақылбек Илиуф жүргізді.
-Бағалау жүргізу барысында сарапшы 10 компанияның әрқайсысының бизнесін ең маңызды бағыттар бойынша талдады. Көшбасшылық және бірлескен басқару, даму стратегиясы мен адами ресурстар, бизнес — процестер секілді бағыттар сараланды. Консалтинг саласында мұндай қызмет өте қымбат, бірақ жобаға қатысушылар үшін қызмет тегін болды, — дейді ӘКДО кеңесшісі Ирина Васильева.
Жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша әрбір қатысушыға өз кәсіпорнының күшті жақтары көрсетіліп, оларды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Фото: ашық дереккөздерден.