СҚО-да  46 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қызметкерлерінің жиналысы өтіп, кездесуге СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов пен СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы Айдын Қабдұлдинов жиналысқа бірқатар бөліністердің жеке құрамы кездейсоқ шақырылмағанын атап өтті. Полиция департаменті, патрульдік полиция батальоны, сондай-ақ учаскелік инспекторлар қызметі – бұл дайындалған және жауынгерлік бөліністердің офицерлері. Олар тәулік бойы өңірдің құқықтық тәртібі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, алдыңғы шепте жүреді. Азаматтардың тыныштығы, қалалар мен ауыл көшелеріндегі бейбіт және қауіпсіздік олардың кәсібилігі мен батылдығына тікелей байланысты.

Ескендір Елеусізов пен Жасұлан Ахметов полицейлерге алдағы уақытта да абыроймен қызмет атқаруларын тіледі. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан қоғамның назарында болатындығы атап өтілді. Тәртіптің кез келген бұзушылығы мемлекеттік билік жүйесінің имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, беделін де түсіреді. Осыған байланысты полицейлер тәртіпті қатаң сақтап, үлгі көрсетуі тиіс. Бұдан бөлек, азаматтардың барлық өтініштеріне жауап берулері қажет.

8 айда СҚО-да 3 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Қылмысты ашу деңгейі 77,3 пайызды құрады. Сондай-ақ, жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 46 335 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін 762 жүргізуші ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz