Өткен тәулікте Қазақстанда 29 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте: Астана қаласында — 7, Алматы қаласында — 9, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында — 2, Жамбыл облысында — 1, Батыс Қазақстан облысында — 1,Ұлытау облысында — 1, Қостанай облысында — 3, Қызылорда облысында — 1, Павлодар облысында – 1 адамның ауырғаны анықталды.
Сондай-ақ өткен тәулікте 104 адам аталған індеттен жазылып шықты: Астана қаласында — 10, Алматы қаласында — 12, Шығыс Қазақстан облысында — 3, Батыс Қазақстан облысында — 15, Қарағанды облысында — 6, Ұлытау облысында — 2,Қостанай облысында — 46, Қызылорда облысында — 1, Павлодар облысында — 6, Түркістан облысында – 3 адам емделді.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты.