Қазақстанда сатып алу құқығымен 80 мың теңгеге арендалық баспана алуға болады

Авторы: Qyzyljar News

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол елімізде сатып алу құқығымен жалдау құны 80 мың теңгеден аспайтын тұрғын үй бағдарламасы пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жаңа механизмін әзірлеуде. Оның шарттары бойынша сатып алумен жалға берілген кезекте тұрғандар бастапқы жарнаны төлемеуі мүмкін. Сатып алу арқылы ай сайынғы жалдау ақысы ірі қалаларда орташа есеппен 70-80 мың теңгені, ал басқа аймақтарда 60 мың теңгені құрайды, — делінген Бауыржан Қабдолдың дүйсенбі күнгі брифингте сөйлеген сөзінен.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кезекте тұрған адамның өтініші бойынша оған таңдау құқығын беруді ұсынады: сатып алу арқылы жалға алуға ауысу немесе бүгінгі шарттар бойынша сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйде қалу.

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады, — дейді Бауыржан Қабдол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz