Петропавл полицейлері жыл басынан жоғалған 83 баланы іздеп тапты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері жыл басынан бері жоғалған 83 кәмелетке толмағанды іздеп тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

1 қазанға қараған түні қала тұрғынынан 12 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсіп, облыстық ПД және Петропавл қаласы ПБ жеке құрамы іздестіру жұмысына тартылды. Қыз телефонын сөндіріп, қоңырауға жауап бермеген. Іздестіру жұмыстары ертеңне түске дейін жалғасып, жоғалған қыз құрбысының үйінде қонып, таңертең кетіп қалғаны белгілі болды.

Нәтижесінде жедел уәкілдер оны бір досының үйінен тауып, анасымен және қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді.

– Жағдай қызметкерлердің бақылауында болды. Ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының психологиялық жағдайына назар аударуға, өзара жайлы қарым-қатынас орнатуға шақырамыз. Тәуелкел тобындағы балаларды алдын ала анықтау үшін білім, психологиялық-педагогикалық қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасай отыра, осындай фактілердің алдын алуды күшейту жоспарланып отыр. 2022 жыл Қазақстанда Балалар жылы деп жарияланды – осы орайда еліміздің кішкентай тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғам болып күш біріктіру аса маңызды, – деді Петропавл қаласы полиция басқармасы ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ахмағамбетов.

Жыл басынан облыс орталығының тұрғындары полицияға із-түзсіз жоғалған балаларды іздестіру өтінішімен 83 рет жүгінген. Балалардың барлығы бір күннің ішінде табылды. Әрбір іздестіру жұмысына сыртқы қызметтер, ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері тартылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz