СҚО-да артемия салина шаяндары азайып барады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында артемия салина шаяндарын заңсыз өндіру бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл шаян тәрізділердің кисталары шетелде жоғары сұранысқа ие және оларды жинау үшін браконьерлерге көп ақша ұсынылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша күз айлары артемия кисталарын жинаудың ең қолайлы уақыты. Осы кезеңде браконьерлер белсенділік танытып, заңсыз аулауға көшеді. Заңсыз аулаумен көбінесе жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары айналысып, оларға бір қапқа сатып алушылар 50 мың теңгеге дейін ұсынады.

— Артемия салина шаяндарын заңсыз өндіру – қылмыстық жаза қолданылатын әрекет. Оның бір келісінен 3 айлық есептік көрсеткіші көлемінде шығын келеді. Биыл осыған байланысты екі қылмыстық іс қозғалды,- дейді «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Марат Есімсейітов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz