Өткен тәулікте Қазақстанда 59 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Өткен тәулікте: Астана қаласында — 9, Алматы қаласында — 8, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Алматы облысында — 2, Жетісу облысында — 1, Атырау облысында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Батыс Қазақстан облысында — 2, Қарағанды облысында — 6, Ұлытау облысында — 3, Қостанай облысында — 6, Павлодар облысында — 2, Солтүстік Қазақстан облысында — 5 адамның ауырғаны анықталды. Сонымен қатар тағы 104 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 779 жетті.