СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Тимирязев ауданының құрылғанына 60 жыл толуына жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Аудан орталығында жолдарды жөндеуді жалғастырамыз. 12 нысанды жылумен қамтамасыз ететін жаңа қазандықтың құрылысы басталады. Аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Сұлы ауылында сумен жабдықтау мәселесін шешетін боламыз. Жаңа спорт кешені мен хоккей кортының жанында футбол алаңы мен тренажерлары бар стадион салуды жоспарлап отырмыз, — деді Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Облыс әкімінің мәліметінше, жолдарды және сумен жабдықтау желілерін жөндеуге, жарық орнатуға аудан орталығына 443 млн. теңге бөлінген. Мәдениет үйі жаңартылып, аталған мекемеге жергілікті кәсіпкер Серік Шөкеев көлік сыйлады.