Петропавлдағы 9 қабатты тұрғын үйдегі өрттің себебі белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 533 өрт оқиғасы орын алса, соның 396-сы тұрғын үй секторынд болғана. 33 адам қаза тауып, 12 кісі құтқарылды, 163-і эвакуацияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында К.Сүтішев көшесі, 17 мекенжайындағы 9 қабатты үйдің шатыры өртке оранды. 3 минуттың ішінде оқиға орнына 7 техника, екі өрт сөндіру бөлімінен 20-дан астам адам келді. Тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

– Біздің қызметкерлер ғимараттың шатырына шыққан кезде 4 шаршы метр аумақта битум жанып жатқанын анықтады, 30 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Өрттің шығуына жөндеу жұмысы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Николай Белоусов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz