СҚО-да шетелдіктерді жұмысқа заңсыз алған 10 адам жазаланды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының 4 күні ішінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазаннан бастап өңір полицейлері жалдамалы пәтерлерді, құрылыс алаңдарын, базарларды, фермерлік және шаруа қожалықтарын, шетелдіктердің жүруі мүмкін басқа да орындарды күшейтілген режімде тексеруде. Бұл жұмыс республикалық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 кезеңі аясында жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазақстандықтар шетелдік азаматтардың келгені жөнінде көші-қон қызметін үш күннің ішінде хабардар етуі керек. Алайда бұл заң талабы жиі бұзылады. Жедел-профилактикалық іс-шараның 4 күнінде осындай 77 дерек анықталды. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Мәселен, Шал ақын ауданының тұрғыны Қазақстанға келіп жұмысқа орналасуға рұқсат алмаған Өзбекстан азаматын үйіне жұмысшы ретінде қабылдаған.

– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 92 шетелдік жауапқа тартылды. Олардың ішінде алыс шетелден келген Түркия азаматы да бар, ол Қазақстанда визасыз жүру мерзімін бұзған, яғни 30 күндік мерзімі өтіп кеткен. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шара барысында сот шешімімен ҚР заңнамасын бұзғаны үшін елден 7 шетелдік азамат шығарылды. Олардың басым бөлігі – елде болу мерзімін бұзған, — дейді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz