Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы әуе жолаушылар тасымалы қызметінің құны бір жылда 16,8%-ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz мәліметінше, бағаның қымбаттауы ең алдымен Батыс Қазақстан облысында байқалды (67%). Тағы екі облыста бағаның өсуі тіркелді. Ол Абай облысы (жылына плюс 57,3%) және Қостанай облысы (плюс 43,2%). Тек Ұлытау (20,8%) және Алматы облыстарында (3,9%) ғана бағаның төмендеуі байқалады.

– 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,5 пайызға көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді — 7,4 миллион адам, делінген хабарламада.

Сонымен қатар сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылы аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілді. 6 қаңтарда Қазақстанда «ашық аспан» режімі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Бұл рейстер географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстердің санын көбейтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz