СҚО-да қылмыстардың жалпы санының төмендеуі аясында кісі өлтіру фактілерінің шамалы өсуі байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қылмыс 6,4% — ға, 3904-тен 3656-ға дейін төмендеген. Қадағалау органы кісі өлтіру бұрынғыдай күнделікті өмірде, мас күйінде, туындаған жанжалдардың нәтижесінде, негізінен жұмыссыздар мен әлеуметтік жағдайы деңгейі төмен адамдар арасында жасалатынын атап өтті.
— Осыған байланысты облыс прокуратурасы кісі өлтірудің алдын алу мәселелерін облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында талқылады. Облыс әкімдігіне қоғамдық қауіпсіздікті, проблемалы отбасыларды және халықтың басқа да «қауіпті» топтарын қолдауға бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарастыру ұсынылды,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ведомство отырыс қорытындысы бойынша өңірдегі кісі өлтіруді азайтуға бағытталған бірқатар шаралар мен ұсыныстар әзірлегенін айтты.