Петропавлда аудармашылар байқауының облыстық кезеңі өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда “Үздік ілеспе аудармашы” байқауының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірімізде мұндай сайыс алғаш рет ұйымдастырылуда. Жуырда бұл байқаудың ауданаралық кезеңі өткен болатын. Сол кезде әр ауданнан бір жеңімпаздан анықталды. Аталған байқауларда үздік шыққан 11 қатысушы облыстық деңгейде бақ сынады.

– Бүгінгі таңда қазақ тілі бірінші орынға қойылып отыр. Оны келіп түскен кіріс қағаздарынан да байқауға болады. Қазақ тіліне қойылған талап өте жоғары. Жалпы, “Үздік ілеспе аудармашы” байқауы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісі “Терминдер әлемі” деп аталады. Бұл кезеңде қатысушылардың мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді білу деңгейі тексерілді. 2-ші кезең – “Ілеспе аударма шебері”. Онда мамандар мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аударулары қажет. Ал 3-ші кезең – “Үздік аударма” деп аталады. Онда керісінше мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару қажет,- дейді СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Нәзира Бимақова.

Байқау аяқталысымен конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz