Облыстың тұрақтандыру қорына көкөніс жеткізілуде

Авторы: Qyzyljar News

Облыстың тұрақтандыру қоры солтүстікқазақстандықтар үшін көкөніс қорын толтыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы бағаны тұрақтандыру қоры солтүстікқазақстандықтарды бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамту үшін тиісті көлемде көкөніс сатып алуда. Бүгінгі таңда “Радуга” серіктестігіне тиесілі қоймаға 400 тонна қырыққабат жеткізілді. Өнім Мамлют ауданындағы “Агрос” шаруа қожалығынан сатып алынды.

– Қормен әріптестік орнатқан алғашқы жылы қоймаға 200 тонна қырыққабат жеткізілді. Биыл 2 есе көп өнім әкеліп отырмыз. Қырыққабаттан бөлек пияз, картоп пен сәбіз өсіреміз. Алдағы уақытта олардың да жүздеген тоннасын осы жерге өткіземіз,- дейді Мамлют ауданындағы “Агрос” шаруа қожалығының директоры Сергей Бычков.

Қор қожалықтан қырыққабаттың 1 келісін 80 теңгеден сатып алуда. Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Роза Тастанбекованың айтуынша, өнім келесі айдан бастап сауда орындарының сөрелеріне қойылады. Ондағы максималды көтерме баға 15 пайызды құрамақ.

– Қоймаға жақында “Агрос” шаруа қожалығы 300 тоннадай сәбіз бен 500 тонна картоп жеткізеді. Жақында Тайыншадағы “Астық-STEM” серіктестігінен 200 тонна сәбіз алдық. “Зенченко и К” командиттік серіктестігі де 500 тонна картоп өткізді. Сонымен қатар, біз 450 тонна пиязды оңтүстіктен тапсырыспен алғызамыз. Қордағы көкөніс көлемі келесі жылдың жазына дейін жетеді,- дейді тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Роза Тастанбекова.

Өткен жылы тұрақтандыру қоры сатып алған картоп пен сәбіз ағымдағы жылдың шілде айына дейін жетті. Ал пияз бен қырыққабат сәуірге дейін саудаланған. Өңір тұрғындары қолжетімді бағадағы өнімдерді қаламыздағы супермаркеттер мен базарлардан таба алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz