СҚО-да учаскелік инспекторлар өртке оранған үйден екі адамды аман алып шықты

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да учаскелік инспекторлар өртке оранған үйден екі адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жуырда Мағжан Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғыны бауырының үйінің жанынан өтіп бара жатып, түтінді байқап қалады. Сол маңдағы аумақты аралап, тексеріп жүрген учаскелік инспекторлар Азамат Тамашов пен Азамат Баймусинов оқиға орнына бірінші болып барған. Түтінге толы үйге кіргенде, олар ас бөлмеде жатқан жергілікті тұрғынды көріп, бірден сыртқа шығарған.

Үйдің иесі де іште болған. Бұны естіген полицейлер үйге екінші рет кіріп, түк көрінбейтін түтіннің ішінде тұншығып, төргі бөлмеден ес-түссіз жатқан үйдің иесін тауып, далаға алып шыққан. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де дер кезінде жетіп, өртті ауыздықтады.

– Медицина қызметкерлері жапа шеккендерді тексеріп шықты. Учаскелік инспекторлардың жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. 15 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкерлер – Бәйтерек ауылдық округіне қызмет көрсететін полиция майоры Азамат Тамашев пен Конюховский ауылдық округіндегі құқықтық тәртіпке жауапты полиция аға лейтенанты Азамат Баймусинов халық арасында құрметке ие. Екеуі де тәуекелге бел байлай отыра, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып шықты, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Эльдар Нұрғалиев.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz