СҚО-да 3 жасар баланы құдықтан аман алып шыққан жігіт марапатталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында ойнап жүріп құдыққа құлап кеткен 3 жасар баланы құтқарған жігіт «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйек күні түс мезгілінде болған. Уәлиханов ауданы Бидайық ауылының тұрғыны Ерлан Тілеуқабылов көлігімен кетіп бара жатып, құдыққа құлап кеткен баланы байқап қалады. 3 жасар Димаштың көрер жарығы бар екен, бүлдіршінді жігіт құтқарып қалды.

– Көлікпен дүкенге бара жатқанмын. Жолда құдықтың үстінде секіріп, ойнап тұрған баланы көрдім. Бір мезет оның қақпағы сырғып, бала құдық ішіне құлап кетті. Немересінің қасында ата-әжесі бар еді. Бірақ олар қатты шошып, не істерін білмей көмек сұрай бастады. Дүкенге жүгіріп кіріп, арқан алып құдыққа түстім. Бала енді болмағанда суға кетеді екен. Сыртқа алып шығып, тірі екенін көргенде қуанышымда шек болмады, — дейді Ерлан Тілеуқабылов.

Ерланның бұл ерлігі ескерусіз қалмады. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің салтанатты іс-шарасында жігіт «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Ведомстволық наградаға ие болғандардың ішінде ерлі-зайыпты Денис пен Динара Поправкалар да бар. Олар биыл 21 қыркүйек күні жанып жатқан көрші пәтерден екі адамды, соның ішінде 2 жасар сәбиді алып шықты. Денис пен Динара «Өрттегі ерлігі үшін» медалін кеудеге тақты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz