Петропавлда үйінен хабарсыз кетіп, бір айға жуық іздеуде болған Юрий Волосниковтың денесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл тұрғыны, 1961 жылы туған Юрий Волосников 24 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен. Өздігінен іздеп, таба алмаған туыстары полицияның көмегіне жүгінді. Көпшілік Юрий Волосниковтың аман-есен табылатынынан үміт үзбеген еді. Тәртіп сақшылары, волонтерлер бірнеше рет іздеуге шығып, Есіл өзенінің маңын, маңайдағы ормандарды сүзіп өтті. Алайда бұл жұмыс нәтиже бермеді. Суық хабарды волонтерлер әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Олардың айтуынша, ер адам өзіне қол жұмсаған.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, тиісті сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі кейін жария етілмек.