Чилидің Кокимбо қаласындағы турнирде солтүстікқазақстандық Тимофей Скатов аргентиналық Николас Кикерді 6:4, 1:6, 6:4 есебімен қапы қалдырып, үшінші айналымға өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ал Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында отандасымыз Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Каролина Плишкованы ұтқан еді. Бірақ қазақстандық жанкүйерлердің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Екінші кезеңде жерлесіміз Джессика Пегуламен кездескен. Бұл кездесу 6:2, 3:6, 6:7 есебімен америкалық ойыншының пайдасына шешілді. Ең өкініштісі, осы сәтсіздіктен кейін Рыбакина WTA-ның қорытынды турнирінде күш сынасу мүмкіндігінен айырылды. Аталған жарыс 31 қазан мен 7 қараша аралығында АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өтеді деп жоспарлануда