СҚО-да 126 адамның алимент бойынша қарызы 190 млн. теңгеден асты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында биыл алимент төлеуден жалтарған 8 адамға қылмыстық іс қозғалды, 107-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасында мемлекет кірісіне және алиментті өндіру мәселелеріне қатысты ведомствоаралық кеңес өтті. Құзырлы органның мәліметінше, өңірде 9870 бала және 12 қартайған ата-ана алимент алуы тиіс. Алайда олардың кейбірі тиесілі ақшаны жылдап көрмейді. Бүгінде олардың жалпы берешегі 191 млн. теңгеден асқан.

– Алимент төлеушілердің саны 6986 адам. Оның ішінде 126-сы қасақана алимент төлемейтіндер. Біз ведоствоаралық кеңесте оларды жұмысқа тұрғызу жөніндегі мәселені талқыладық және де полиция мен сот орындаушылары арасында өзара әрекет болмағандықтан біз қылмыстық істерді тергеу бойынша әдістеме дайындадық. Сол әдістемені полицияға және жеке сот орындаушыларға жібереміз, — дейді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Прокурордың айтуынша, былтыр СҚО-да алимент бойынша берешек 1 млрд. теңгеге жуықтаған. Айтарлықтай жұмыс істеліп, қарыз бірнеше есе қысқарды. Яғни соңғы 9 айда алимент төлеуден жалтарған 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бүгінде 18 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 107 борышкерге әкімшілік іс қозғалып, 68-і қамауға алынса, 39-ы айыппұл төледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz