СҚО-дағы аудан әкімдігі қаражаттың жоқтығынан уран кеніштерін қоршай алмай отыр

Авторы: Qyzyljar News

СҚО экология департаментінде өңірдің экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы пункттерінің орындалуы талқыланды. Олардың бірі – уран кен орындарының жұмыс істемейтін кеніштерін консервациялау, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде жұмыс істемейтін уран кеніштері мен өнеркәсіптік алаңдар объектілерінде қорғаныс жабындары мен қоршауларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша жол картасы әзірленген.
Соттың шешімі бойынша Ғ. Мүсірепов ауданындағы кеніштер 2020 жылы коммуналдық меншікке берілді. Олар Чистополь және Нежин ауылдық округтеріне тағайындалды. Әкімдіктер барлық қажетті консервациялау жұмыстарын жүргізді. Кеніштер қоршалып, плиталар мен темір табақтар салынды. Ннертті материалмен толтырылып, ескерту белгілері орнатылды.

Бұрынғы «Грачевское» және «Косачинное» уран кеніштерін Айыртау ауданының әкімдігі коммуналдық меншікке қабылдады. Оларды Володар және Украина ауылдық округтерінің әкімдіктеріне бекітті.
— Жер жобаларын дайындау, шекараларды белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұрынғы «Грачевское» мен Косачинное» уран кеніштерінің жер учаскелеріне актілер жасалды. Айыртау ауданының әкімдігі осы жылға қоршау орнатуға 95 млн теңге бөлуге бюджеттік өтінім берді, — деп хабарлады департамент.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz