СҚО-да бірнеше жыл ішінде 60-тан астам ауыл таратылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО қоғамдық кеңесінің мүшелері бос тұрған ауылдардың мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Экономика басқармасының мәліметтері бойынша, алты жыл ішінде – 2013 жылдан 2019 жылға дейін-өңірде 63 елді мекен таратылды. Кейбір келешегі жоқ ауылдар жақын маңға қосылды. Қоғамдық кеңес мүшелері адамдардың ауылдардан негізінен нашар жолдар, сумен жабдықтаудың жоқтығы, жұмыс орындары, ауруханалар, мектептердің жабылуы салдарынан кететінін атап өтті.

Кейбір ауыл аймақтарында әлі күнге дейін бірнеше адам тұрады. Инфрақұрылымның жоқтығына қарамастан, олар бұл ауылдардан көшкілері келмейді. Біреуі туған жерге деген сүйіспеншілігінен кетпесе, енді біреудің қоныс аударуға мүмкіндігі жоқтың қасы. Осы мақсаттар үшін бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қоғам белсенділері бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге шешім қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz