«Қазгидромет» РМК 31 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік шығысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.