Солтүстік Қазақстан облысында газдан уланған 28 жастағы әйел мен оның үш баласы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин ана мен оның 8, 7 және 4 жастағы балаларының өміріне енді қауіп төнбейтінін айтты. Көміртегі тотығымен уланудың себебі тазартылмаған мұржа екені анықталды.
– Жыл басынан бері өрт шықпай-ақ көміртегі тотығымен уланудан 21 адам зардап шекті, оның ішінде 7-і бала. Жылыту кезеңінен яғни 1 қазаннан бастап тұрғын үй секторында 30 өрт тіркелді. Қаза тапқандар жоқ, — деді Дмитрий Растихин.
Ол биыл халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне 1 131 газ баллон мен түтін датчигі орнатылғанын атап өтті. Тағы 372 үй орнатуды жоспарлап отыр.Жыл басынан бері облыста барлығы 563 өрт тіркеліп, 33 адам қаза тапты. Өрттің шамамен 80%-ы тұрғын үй секторына тиесілі. Олардың пайда болуының негізгі себептері — электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.