Петропавлда жеке тұрғын үй салуға 1,5 мың тегін жер телімі беріледі

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы «Солнечный 2» шағын ауданында жеке тұрғын үй салуға 1,5 мың тегін жер телімі дайындалды. Барлығы 2000 жер учаскесі берілмек Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жер учаскелеріне инженерлік инфрақұрылым оның ішінде су, электр және жол тартылған. Шағын ауданда барлығы 105 км электр желісі, 54 қосалқы станса, 72 км су құбыры, 78 км жол салынды. Ықшам ауданда мектеп те салынады. Сонымен қатар, «Южный» шағын ауданында тағы 1 мың тегін жер телімі беріледі. Қазір онда инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталуда,-деді жазды Құмар Ақсақалов.

Осылайша, облыс орталығында қала тұрғындарына жеке үй салу үшін 3 мың тегін жер телімі беріледі. Естеріңізге сала кетейін, қазір Петропавлда 16,5 мың адам жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұр. Тегін жер телімдері кезек бойынша беріледі. Бұл процесс ашық болуы тиіс. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына қоғам белсенділері, журналистер, депутаттар мен қоғамдық кеңес өкілдері кіреді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz