Жыл басынан Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжал тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжал тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Отбасында жиі жасалып тұратын құқық бұзушылықтар – мамандарға жүгінудің бірден бір себебі. Маскүнемдіктен емдеу, жанжалдың қайталануын болдырмау үшін құқық бұзушыларды жауапқа тарту – бұл адамдардың шешіміне байланысты болып отыр. 10 айдың ішінде Петропавлда осы салада 20 қылмыстық іс пен 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың басым бөлігі алкогольді асыра пайдаланудан орын алған. Учаскелік полиция инспекторлары осындай фактілердің алдын алу және жәбір көргендерге олардың құқықтарын түсіндіру бойынша ұдайы кезедсу өткізеді, – деді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Полицейлер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелер бойынша 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қаласы ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефон нөмірлері немесе 150 нөміріндегі республикалық call-орталыққа хабарласуға болатыны туралы еске салады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторына немесе “102” арнасына жүгінуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz