СҚО тұрғыны алуан түрлі құс өсіруде

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Қызылжар ауданындағы Архангельское ауылының тұрғыны Александр Рожков оннан астам құстың түрін өсіріп келеді. Оның ауласынан тауыс, қырғауыл мен көгершіндердің түр-түрін көруге болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

12 жыл бұрын физика пәнінің мұғалімі кәсібін сүйікті ісіне айырбастаған Александр Рожков бүгінде қанаттылардың қыр-сырын бес саусақтай біледі. Күтімі келіскендіктен Отаны Африка мен Оңтүстік Азия елдері саналатын тауыстар Қызылжардың қытымыр табиғатына тез үйреніскен. Тіпті жұмыртқа салып, ұя басады.
Сары қырғауылдар негізінен Қытайдың таулы аймақтарында тіршілік етеді. Құсшының коллекциясында қырғауылдардың бірнеше түрі бар. Ең арзанын 10, ең қымбатын 250 мың теңгеге сатып алған. Сауданы көбіне интернет арқылы жасайтынын айтады. Ал құстарға арналған торларды өзі істейді. Александр Викторович жазда бау-бақша егіп, ара өсіреді. Болашақта ауласындағы құстардың түрлерін арттыра түспек.

– Құстарды өсіру үшін көп білім керек. Үнемі түрлі әдебиеттер оқимын. Бұл менің сүйікті ісім. Денсаулыққа да өте пайдалы, — дейді ауыл тұрғыны Александр Рожков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz