Табиғатқа залал келтірген құс фабрикасы анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста ағынды суларды орман аумағына ағызғаны үшін құс фабрикасы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО экология департаментінің мәліметінше, Қызылжар ауданының полиция бөлімі «Адель құс» ЖШС-ның Кіші Белое ауылының жанындағы орман алқабына ағынды суларды ағызу фактісі бойынша материал жинақталды. Компанияға жалпы сомасы 1,1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

– «Адель құс» ЖШС-ның заңсыз әрекеттері экологиялық залал келтірді. Кәсіпорынға ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ремедиация бағдарламасын әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу қажеттігі туралы хабарлама жіберілді. Нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі құжат әзірленіп бекітілді, – деп хабарлайды экология департаментінің мамандары.

Ағынды суларды ағызу салдарынан 300 шаршы метр аумақта жатқан топырақ тұзданып кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz