СҚО-да есірткі саудалап, мол пайдаға кенелмек болған 30 адам бас бостандығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында есірткімен байланысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 30 адам бас бостандығынан айырылды, олардың ішіндегі 20-сының жасы 25-ке де толмаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында Петропавлдың 24 жастағы екі тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Олардың біреуінің қылмыстық әрекеті бір айға жуық жалғасқан. Ұстау кезінде полицейлер күдіктіден тұрғылықты жері бойынша «тұз» атауымен белгілі 17 түйіншекке салынған синтетикалық есірткіні тәркіледі. Жігіт енді алдағы 10 жылын түрмеде өткізеді, апелляцияға жүгінгенімен сот үкімін өзгерткен жоқ.

Екіншісінен «тұз» деп аталатын есірткі салынған 174 түйіншек тәркіленді, ол кінәсін бірден мойындады. Есірткі таратушыларды жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды жігіт интернеттен көрген. Қомақты, әрі оңай ақшаға қызығып, тыйым салынған заттарды таратуға келіскен. Алайда, 2,5 ай бойы «жұмыс» істеп, үлкен табысқа қол жеткізбеген, бұл әрекеті тек 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына әкеліп соқты.

­- Кей жігіттер қылмыстық жауапкершілікке тек «есірткіні салып кетушілер» ғана тартылады деп ойлайды. Олар интернетте есірткі сататын дүкендерді ашып, синтетикалық есірткілерді жасаумен айналысады. Бұл да заңға қайшы. Биыл облыста осындай интернет-дүкенді ұйымдастырғаны үшін 7 адам сотталды, — дейді СҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Полицейлер жастарды қылмыстық әрекеттің салдарын ескеріп, жеңіл табыс үшін тағдырларын немқұрайлы қарамауға шақырады. Синтетикалық есірткілер дене және психикалық денсаулықты басқа есірткілермен салыстырғанда жылдам бұзады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz