Петропавл ЖЭО-2 жұмысшысының қазасына байланысты еңбек инспекциясы тергеу жүргізбейді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы 2-Жылу-электр орталығында жұмысшының қазасына қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес тергеу жүргізілмейді. Еңбек инспекторлары қызылордалық жігіт Арман Исаевтың жалдамалы жұмысшы болғандығын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, 5 қараша күні «СевКазЭнерго» АҚ-ға қарасты Петропавлдағы 2-Жылу-электр орталығының қазандық цехының бас корпусын жаңарту барысында 2000 жылы туған А.Исаев ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

— Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес, жұмыскерлердің еңбек қызметіне байланысты денсаулығының зақымдануы және еңбекке жарамсыздыққа не қайтыс болуына әкеп соққан жағдайлар тергеледі. Қаза тапқан А.Исаев пен «СтройЦентрАрсенал» ЖШС арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың жасалуына байланысты бұл адамдардың арасындағы қатынас еңбек қатынасы болып саналмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасымен емес, Азаматтық кодекспен реттеледі. Бұл жазатайым оқиға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде көзделген арнайы тергеуге жатпайды, — дейді Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Азат Көшербаев.

Қаза тапқан азамат Петропавлға Қызылорда облысынан табыс табу үшін келген. «СтройЦентрАрсенал» ЖШС оның отбасына материалдық көмек көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz