СҚО-да бес мың тонна өнімге арналған көкөніс қоймасы салынады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек инвестициялық жобалар бойынша онлайн-турда өңірде ірі көкөніс қоймасы салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәурен Жандарбектің айтуынша, жоба Қызылжар ауданында жүзеге асырылады.

— Ірі көкөніс жеткізу желілерімен жұмыс істеу үшін шаруа қожалығы қуаттылығы бес мың тонна көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр. Мұндай жобаларды іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау бар. Көкөніс өсірушілерді осы бағытты дамытуға белсенді қатысуға шақырамыз, — деді Дәурен Жандарбек.

Ол 2019 жылы өңірде көкөніс қоймасы бар көтерме-тарату орталығы ашылғанын еске салды.

— Біз жергілікті картопты, сәбізді, қырыққабатты мамырға дейін сақтай отырып, маусымаралық кезеңде көкөністердің бағасын ұстап тұрамыз. 19 әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларының 15-і облыста өндіріледі және осы тауарларға төмен инфляцияның бірін қамтамасыз етеді, — деді облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz