Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік өндірісі үш жылда 168,6 млрд.теңгеге дейін өсті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек инвестициялық жобалар бойынша онлайн-турда мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дәурен Жандарбек облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде көш бастап тұрғанын атап өтті. Жыл сайын өңір төрт млн. тонна астық жинайды, бұл еліміздің барлық өнімінің 20% — дан астамын құрайды.
— Дәнді дақылдарды өңдеудің толыққанды саласы қалыптасты. Біздің ірі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары ұн, жем, макарон, нан және кондитерлік өнімдер шығарады. Жаңа ірі кәсіпорындардың іске қосылуының арқасында біз жаңа өнім түрлерін: глютен, крахмал, биоэтанол, шрот, торт, жоғары ақуызды құрама жем шығара бастадық, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Биоэтанолды аймақ Бельгия мен Ұлыбританияға, глютенді — Үндістан, АҚШ, Нидерланды елдерінің мұнай өңдеу зауыттарына экспорттайды.
— Біз әлемдік нарықтың қажеттіліктері үшін құрама жем өндірісіне шықтық. Өнімдер Қытайға да экспортталады. 2016 жылы өңірде өткен жылы 2,1 млрд. теңгеге шаю цехын салумен май экстракциялық зауыттың жобасы іске асырылды. Жобалық қуаттылығы 300 мың тонна майлы дақылдарды өңдеуді құрайды. Өнімдер Қытайға экспортталады, — деді Дәурен Жандарбек.
Ол өткен жылы Петропавлда Қазақстандағы ең ірі май экстракциялау зауытының құрылысы басталғанын айтты. Майлы дақылдарды өсіретін тағы бір ауылшаруашылық компаниясы май шығаратын зауыт құру үшін бизнес-жоспар дайындайды.
— Жобаларды іске асыру біздің облыста өсірілген майлы дақылдарды өңдеуді 90% — ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоғары ақуызды жем қоспасы болып табылатын күнжара өндірісін жолға қою керек. Біздің бордақылау алаңдары мен тауарлы-сүт фермалары жергілікті өндірістегі жеммен қамтамасыз етіледі, — деп атап өтті Дәурен Жандарбек.