СҚО халқының 18% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген

Авторы: Qyzyljar News

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе жұмысының іске қосылғаннан бастап солтүстікқазақстандықтар қорға жалпы 33 млрд. теңге аударған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ретте МӘМС аясында 45 млрд. теңгеге қызмет көрсетілді. Медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында науқастарға арналған көптеген қызметтер қол жетімді болды. Оған мысал қызмет бағалары қымбат тұратын компьютерлік томография мен магниттік-резонанстық томография қызметтері.

Бұған дейін облыс тұрғындары аталған қызметтерді алу үшін бірнеше ай кезекте тұруға мәжбүр болған. Қазір кезектер бірнеше есе қысқарды. Мысалы, МРТ қызметін МӘМС шеңберінде 4 медициналық ұйымда тегін өтуге болады. Ең бастысы, емханадан алынған жолдама мен қор жүйесінде сақтандырылды деген құжат болу керек.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылығы сақтандырылған науқастарды тәулік бойы стационарларға да, күндізгі стационарларға да жоспарлы жатқызуға болады. Онда солтүстікқазақстандықтар қаражат есебінен толық тексеру мен ем алады.

— Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат қорға ай сайын 3 мың теңге көлемінде жарна төлейді. Жылына бұл сома 36 мың теңгені құрайды. Қажет болса, ол қымбат, жоғары технологиялық медициналық көмек пен қымбат операцияларды ала алады. Мысалы, «бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы» шамамен 6 миллион теңге тұрады. Бірақ МӘМС қаражаты есебінен сақтанушылар үшін тегін жүргізіледі», — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының директоры РСК брифингінде Лариса Гордеева.

Бұл ретте, СҚО-да халықтың бір бөлігі МӘМС қорында әлі де сақтандырылмаған. Қазір өңірде тек 100 мың адам қорға тіркелген. Бұл халықтың 18% құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz