СҚО-да демографиялық ахуал күрделеніп барады

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысында да тоғыз айда 4 409 адам туып, 4 754 адам қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, осы уақыт ішінде 2 262 ұл, 2 147 қыз бала дүниеге келген. Барлық жаңа туған нәрестелердің 1 904-і немесе 43% — ы Петропавлда туған. Облыс аудандарының ішінде бала туудың ең жоғары коэффициенті Уәлиханов, Ақжар, Ғ. Мүсірепов пен Тимирязев аудандарына тиесілі. Облыс бойынша туу деңгейінің төмендігі Мамлют, Қызылжар және Аққайың аудандарында байқалады.

Өңір тұрғындарының өлім себептерінің статистикасына сүйенсек, қан айналымы жүйесінің аурулары — 15% — дан астам, тыныс алу органдарының аурулары — 15% — ға жуық және ас қорыту органдарының аурулары -9% — дан жоғары. Солтүстікқазақстандықтардың өлімінің 8% — дан астамы обрыс ауруларына байланысты болса, тағы 7% — ы жазатайым оқиғалар, улану және алған жарақаттардан қайтыс болғандарға тиесілі.Бүгінгі таңда облыс халқының саны 535 мың адам. Оның ішінде — 258,8 мың адам қалада, 276,2 мың адам ауылды елді мекендерде тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz