СҚО-да шетелдік инвестициялар бес жылда 32 есе өсті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 616,5 мың теңгеге жетіп, республикалық деңгейге жақындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бес жыл ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 25% — ға өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі 8,5% — 4, еліміз бойынша-4,7% -. құрады.

— Өңдеуші кәсіпорындар сыртқы сауда қарқынын тез арттыруда. 2018 жылдан бері экспорт көлемі 2,3 есеге артып, 110 млн. долларды құрады. Осы кезеңде облыста өнеркәсіптің бес саласында өндірістің 15-тен астам жаңа түрі ашылды. Инвестициялық жобаларды іске асырудың мақсаты — жаңа жұмыс орындарын ашу, салық түсімдерінің өсуі, инвестициялар тарту мен облыс тұрғындарының әл — ауқатын жақсарту, — деді Құмар Ақсақалов.

Ол биыл 10 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орнын құрылып, 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылғанын айтты. Салық түсімдерінің өсуі — 36%, зейнетақы қорына аударымдар — 25%-ға өскен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz