СҚО-да алдағы сайлау кезінде 640 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО-ға еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы келді. Нұрлан Әбдіров алдымен сайлау учаскелерінің маңызды науқанға дайындығын тексерді Оның айтуынша, дауыс беруге арналған пункттерде процестің ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Өңірде барлығы 380 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.
— Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы кабина қойылды. Оның іші өзгелеріне қарағанда кеңірек. Ал құлағы нашар еститіндер үшін компьютері бар бөлек үстел дайындалды,- дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мапруза Жұмабаева.