СҚО полицейлері интеллектуалды бейнекамераларды іске қосты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлердің бейнетехника паркі 58 нысанға көбейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

16 қараша сағат 00:00-де Петропавл қаласында жол жүру ережесін бұзушылықтарды тіркейтін жаңа аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысын бастады. Олар жылдамдық режімін бұзуды және тоқтау сызығынан, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтуді анықтауға арналған. “Ақылды” техника автоматты режімде заң бұзушылықты тіркеп, көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтайды.

28 жаңа аппараттық-бағдарламалық кешеннің Limit-S 8 жылдамдық өлшеуіші жолдардың желілік учаскелерінде орнатылған. Олар екі бағытқа бұрылып, 250 км/сағатқа дейінгі жылдамдықты асыруды тіркей алады. Н.Назарбаев көшесінің Ғ.Мүсірепов пен Шәжімбаев көшелерімен қиылысатын тұстарында “Argus-Қиылыс” кешені жұмысын бастады. Петропавлдың айналма жолында, сондай-ақ Қызылжар, Мамлют пен Тимирязев аудандарында “Ағын” жүйесімен біріктірілген төрт “Argus-Рубеж” кешені іске қосылады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz