СҚО-да Қазақстандағы алғашқы кәріздік тазарту стансасы іске қосылмақ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі алғашқы кәріздік тазарту нысанының құрылысы аяқталуға жақын. Жоба аясында 26 км магистральдік желі салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Елімізде теңдесі жоқ жоба Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимкада қолға алынған. 2018 жылы басталған жабық типті кәріздік тазарту нысанының құрылысына 3 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған еді. Оның қуаты тәулігіне 3 мың текше сарқынды суды тазартуға жететін болады.СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, жоба аясында 26 шақырым магистральді желі тартылды. Бұрын аудан орталығында үш кәріздік-сорғы стансасы болса, қосымша тағы төртеуі салынды. Олар арқылы бар сарқынды су жаңа желіге құйылып, кәріздік тазарту нысанына келеді.

– Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа нысанның игілігін 10 мыңнан астам адам көреді. Жоба 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған. Осыған ұқсас жоба Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында да қолға алынбақ. Қазіргі уақытта оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Жалпы, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудан бөлек елді мекендерде осындай жобаларды жүзеге асыру ауыл шаруашылығының әлеуетін арттырып, ауылдарда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік туғызады, — дейді Сәтжан Аблалиев.

Бұған дейін СҚО-да елді мекендерді сумен қамтуға келер жылы 12,5 млрд. теңге жұмсалатынын айтқан едік. Қазіргі уақытта 226 ауыл таза сусыз отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz