СҚО-да елікті заңсыз аулаған бес тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Есіл ауданының Амангелді ауылында елікті мүшелеп жатқан жерінде 5 адам ұсталды. 39 бен 66 жас аралығындағы азаматтарды ұстау барысында қажетті құжаттары жоқ болып шықты. Оқиға орнынан бес сібір елігінің еті мен бес мылтық табылды.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.Сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.