СҚО-да жыл басынан мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан СҚО полицейлері мыңнан астам мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық алу іс-шарасы басталды. Оның аясында елді мекендердің көшелерінде, қала сыртындағы автожолдарда күшейтілген тексерулер жүргізіледі. Апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау – полицейлердің ерекше назарында.

– Солтүстік Қазақстан облысында климат өзгеше болғандықтан, мұнда жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау өте маңызды. Бұны жүргізушілер естерінен шығармауы тиіс. Қазіргі уақытта қараша айының басынан бері облыста 39 жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, 96 адам жарақат алды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден заңнама талаптарын сақтауды, жол үстінде сақ болуды сұраймыз, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан облыста 1041 мас жүргізуші ұсталып, жол жүрісі қағидаларының 60 мыңнан астам түрлі бұзушылығы тіркелді. Ең өрескел бұзушылықтардың 9 мыңнан астамы жылдамдықты асыру, 3,5 мыңға жуығы қиылыстардан өту ережелерін бұзу, 700-ден астамы маневр жасау ережелерін бұзу бойынша, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 800-ге тарта бұзушылығы тіркелді. Жаяу жүргіншілер жол жүрісі қағидаларын 5,5 мыңнан астам рет бұзған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz