Петропавлда жыл басынан 66 бала қолдау орталығына тапсырылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері жыл басынан бері 66 баланы қолдау орталығына орналастырды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастыруы – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын шұғыл шаралардың бірі. 18 қараша қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан келіп түскен хабарлама бойынша ювеналдық полицейлер бұл орталыққа 9 бен 12 жастағы ұл мен қыз баланы жеткізді.Ащы суды асыра ішуге бейім олардың аналары үйден кетіп қалып, балаларын материалдық жағдайы онсыз да ауыр әпкесіне қалдырған.

Қазіргі уақытта заңды өкілінсіз қалған балалар мамандардың бақылауында. Тәртіп сақшылары аналарының жүрген жерін анықтап жатыр. Барлық негіздер толық болса, әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

 – Дәл сол күні ювеналдық полиция қызметкерлері тағы бір әйелдің ұлы мен қызын орналастырмақ болды. Аналары спирттік ішімдіктерді ішпесе де, жұмысқа орналасуға ниет танытпай, үлкен ұлының жалақысына өмір сүріп келген. Үйлері де қысқа дайын болмаған. Дей тұрғанмен, полицейлер келісімге келіп, балаларды бағып-қағуға дайын әжелеріне тапсырған. Аналарына түзелуге уақыт берілді, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Жалпы, жыл басынан Петропавл қаласының ювеналдық полицейлері өмірдің қиын жағдайына тап болған 66 баланы қолдау орталығына жеткізген. Себебі олардың заңды өкілдері тиісті жағдайды қамтамасыз етпеген. Бұндай шараны қолданбас үшін тәртіп сақшылары тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау үшін үй-үйді аралап, есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен ата-аналарды тексереді. Профилактикалық жұмыс Петропавл қаласы әкімдігінің қамқоршылық және қорғаншылық секторымен және мектеп әкімшілігімен бірлесе жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz