СҚО полицейлері 800 литрге жуық заңсыз алкогольді тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер 800 литрге жуық заңсыз алкогольді тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – полицияның аса маңызды міндеттерінің бірі. Тәртіп сақшылары құрамында спирт бар өнімді заңсыз таратуға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізуде. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасын анықтады. 740 литр спирт пен 50 литр коньяк құйылған, 158 бес литрлік ыдыс, сонымен қатар акциз маркасынсыз 22 369 қорап темекі тәркіленді.

 – Гараждың иесі гаражының қандай мақсатта пайдаланылатынына еш күдіктенбестен жалға бергені белгілі болды. Тексеріс барысында заңсыз тауардың иесі анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары  Руслан Назаров.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер 7900 литр контрафактілік алкоголь тәркіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz