СҚО-да жолда жүру ережелерін бұзудың 500 дерегі фактісі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
21 қарашадан бастап СҚО жолдарында тексерулер күшейтілді. Полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның аясында бір тәуліктің ішінде жолда жүру ережерелерін бұзудың 474 фактісі тіркелді. Жыл басынан дәл осындай 31 жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 адам қаза тауып, 52-сі жарақат алғанын айта кеткен жөн.Саны жағынан көп тіркелген бұзушылықтардың қатарында көлік басқару кезінде телефонмен сөйлесу мен көлік құралын құжатсыз басқарғандар. Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізудің 24 фактісі анықталды.
– Жиі жасалатын бұзушылық жаяу жүргіншілер тарапынан болады. Бұл – көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өту немесе бағдаршамның тыйым салатын түсіне өту. Бір тәулікте мұндай 61 жағдай тіркелді. Бұдан бөлек, 10 айда жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы 24 жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болды, салдарынан екі адам қаза тауып, 23 адам жарақаттар алды. Сонымен қатар өткен тәулікте мас жүргізуші ұсталды. Қозғалыстың барлық қатысушыларынан заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды және жолдарда қауіпсіз жүру үшін жалпыға ортақ тәртіпті естен шығармауды сұраймыз, – дейді ҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі